«Астана» жаттығу жұмысына клубтың ерекше жанкүйері келіп қатысты

0

Бүгін «Астана» футбол клубының жаттығу жұмыстарына, өмірге аяқсыз дүниеге келгендігіне қарамастан, футболға деген сүйіспеншілігі мен махаббаты сөнбеген ерекше жанкүйер Әли арнайы келіп қатысты.

Әли команда мүшелерімен доп теуіп, артынша естелік суретке түсіп, командаға алдағы Қазақстан Суперкубогы үшін өтетін«Қайратқа» қарсы кездесуде сәттілік тіледі.

Ал команда мүшелері өз кезегінде Әлиге қолтаңбалары қойылған арнайы доп пен ойын жейдесін сыйға тартты.



Дереккөз: prosports.kz/kz