«Астана» соңғы минуттарда Еуропа лигасында жеңіске жетті
«Астана» футболшылары Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі төртінші айналымда чехиялық «Яблонец» командасын жеңді, — деп хабарлайды Vesti.kz. К тобының ойыны 8 қарашада кешкісін «Астана Аренада» өтті.
Бірінші тайм тең аяқталды — 1:1. 18-ші минутта бразилиялық жартылайқорғаушы Педро Энрике «Астананы» алға шығарды, алайда бірінші тайм аяқталар сәтте (41-ші минутта) «Яблонец» есепті теңестіріп кетті. Допқа соңғы болып Бахтиер Зайнутдинов тигеніне қарамастан, голды Давид Лишканың атына жазды.
Елордалық команда екінші тайм аяқталар сәтте есепті еселеді. Ойынның 88-ші минутында «Астана» қорғаушысы Евгений Постников гол соқты.
Осы жеңістен кейін, «Астана» өз тобында көш бастауын нығайтты. Одан кейін киевтік «Динамо», француздық «Ренн» және чехиялық «Яблонец» тұр.
Еуропа лигасының бесінші кезеңі 29 қарашада өтеді. Бұл күні «Астана» өз алаңында «Динамомен» ойнайды, ал «Яблонец» «Рен» командасын қабылдайды. Топтық кезең 13 желтоқсанда аяқталады.