«Астана» сапында өзімді өте жақсы сезінудемін»
Осы маусымдағы елорда командасы қатарын толықтырған жаңа ойыншыларының бірі Румыния құрамасының жартылай қорғаушысы Дорин Ротариу.
23 жастағы футболшы Қазақстан астанасына белгиялық «Брюгге» сапынан ауысқан еді. Елорда командасы сапындағы алғашқы әсері туралы Дорин клубтың баспасөз қызметіне өз пікірімен бөлісті:
— «Астана» алдымен маған қызығушылық танытып, артынша келіссөздер негізінде мен осы команда құрамына қосылдым.Мен команда құрамына тез бейімделіп кеттім. Мені мұнда өте керемет қарсы алды. Сондықтан да мен өзімді өте жақсы сезінудемін.
— «Астана» сапында өз алдыңа қандай мақсат қоясың?
— Команда алдындағы ең басты мақсат – чемпионатта жеңіске жетіп, еурокубоктердің топтық кезеңіне жолдама алу. Ал менің басты мақсатым, осы жолда командаға барынша көмектесіп, қолдан келгенді аямау.
Дереккөз: prosports.kz/kz