«Астана» ойыншысы питерлік «Зенитке» ауысуы мүмкін » Vesti.kz

0
«Астана» және Мажарстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ласло Кляйнхайслер петерборлық «Зенит» сапына өтуі мүмкін, — деп хабарлайды KazFootball.kz.

«Зенитте» орта тұсты алатын жартылай қорғаушы жоқ. Тәжірибелі эквадорлық Кристиан Нобоа жарақат салдарынан ұзақ мерзімге ойыннан шығып қалды. Аргентиналық Леандро Паредес қысқы трансфер кезінде италиялық клубтардың біріне оралуы мүмкін. 

Ал италиялық Клаудио Маркизио Ресейде бірінші маусымын өткізіп тұр, сондықтан оған бейімделуге уақыт қажет. Алаң ортасында ойнайтын өзге екі футболшы аргентиналық Матиас Краневиттер және бразилиялық Эрнани үмітті ақтамай отыр. 

Осы жағдайларға байланысты «Зенит» селикционерлері «Астана» сапындағы Мажарстан құрамасының футболшысына назар салуда. Ласло Кляйнхайслер Қазақстан чемпионатындағы маусымын жақсы өткізді және астаналық команда сапында УЕФА-ның Еуропа лигасындағы негізгі ойыншысы», — делінген нақтыланбаған ақпарат ескермесінде. 

Айта кетейік, Кляйнхайслер «Астана» сапында Қазақстан чемпионы болды және Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өтуі мүмкін. Премьер-лига соңында 24 жастағы мажар 28 матч, ал Еуропа лигасының топтық кезеңінде төрт ойын өткізді.