«Астана» Еуропа лигасында «Динамодан» ұтылды » Vesti.kz

30
- Жарнаманы баса кетіңіз -
Футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі бесінші ойында «Астана» Киевтің «Динамо» командасына есе жіберді. Астанада өткен ойында украиналық клуб 3 ұпай еншілеп қайтты.

29 минутта Беньямин Вербичтің соққан голы «Динамоға» жеңіс сыйлады. Нәтижесінде 11 ұпаймен топта бірінші болып плей-оффқа жолдама алды.

Ойынды елордалық команда ширақ бастаған. Алғашқы 10 минуттың ішінде-ақ екі бірдей гол соғатын мүмкіндігін пайдалана алмады. Алғашқысында Иван Маевский мүлт кетсе, кейіннен Роман Мұртазаевқа шеберлік жетіспеді.

Екінші таймда «Астана» есепті теңестіруге тырысқанмен, нәтиже өзгермеді. Киевтік клуб қорғанысын мықтап, 3 ұпайды уыстан шығармауға ұмтылып бақты. Серікжан Мужиков, Янга мен Шомко командаластарын алмастырғанмен, есепті теңестіруге септіктерін тигізе алмады.

81 минутта Антонио Рукавинаның тепкен добы қақпа маңдайшасына тиіп, кері серпілді. Бұл – екінші таймдағы гол соғатын қауіпті сәттердің бірі болып есте қалды.

«Астана» ойында доп ұстау, пас беру, соққы бағыттау бойынша басым болғанмен, есепте басым болмады. Киевтік клуб өздерінде болған санаулы ғана мүмкіндіктің бірінен нәтиже шығарып, жеңіске бастар жолды таба білді.

Елордалық команда топтық кезеңде алғаш рет ұтылды. Осыған дейінгі төрт ойында да ұпай еншілеген еді. Қазіргі таңда 8 ұпаймен екінші орында келеді.

«Астананың» топтан шығу мүмкіндігі түнде өтетін «Яблонец» және «Ренн» командалары арасындағы ойынға байланысты болмақ. Француз командасы Чехияда ұтылар болса, елордалық команда плей-оффқа жолдама алады.

«Ренн» мен «Астана» соңғы турда кездеседі.

Загрузка...