«Астана» баскетболшылары «АГУ Барсы Атырауды» екі мәрте аса ірі есеппен ұтты

0

Ұлттық лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты аясында «Астана» баскетболшылары атыраулық «АГУ Барсы Атырау» командасымен екі кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы кездесу «Астана» пайдасына 98:41 есебімен аяқталды.

«АГУ Барсы Атырау» (Атырау) – «Астана» (Астана) 41:98 (7:31, 14:22, 5:22, 16:23)

«АГУ Барсы Атырау»: Матюкевич (11), Моторчук (10), Кушнирук (5), Педько (5), Жүнісов (5), Верзун (3), Ракым (2),

«Астана»: Жигулин (16), Айтқали (13), Мырзағалиев (12), Ерғали (12), Клеммонс (10), Бажин (9), Мадейкин (8), М. Марчук (6), Щербак (5), Гроселл (3).

Ал екінші матчта тіпті орасан есеп тіркелді. Қонақтардың жойқын шабуылына жергілікті команда 14 ұпаймен ғана жауап бере алды. Бұл осы маусымдағы антирекорд саналады.

«АГУ Барсы Атырау» (Атырау) – «Астана» (Астана) 14:101 (4:22, 5:32, 5:23, 0:24)

«АГУ Барсы Атырау»: Кушнирук (6), Уапов (3), Кириллов (3), Моторчук (2).

«Астана»: М. Марчук (19, 12 перехватов), Айтқали (15), Гаврилов (13), Мырзағалиев (12), Щербак (11), Мадейкин (11), Бажин (8), Холт (6), Жигулин (6).



Дереккөз: prosports.kz/kz