Асхат Уалиханов пуэрто-риколық боксшымен жекпе-жекке шығады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Асхат Уәлихановтың келесі қарсыласы белгілі болды.
Бірінші жартылай салмақта жұдырықтасатын Асхат Уалиханов келесі жекпе-жегін 30 наурыз күні АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткізеді. Ол пуэрто-рикoлық боксшы Хосе Лопеспен шаршы алаңға шығады.
Айта кетейік, Асхат Уалиxанов кәсіпқой бокста 5 жекпе-жек өткізіп, 4 рет жеңіске жетсе, 1 рет қарсыласына есе жіберген.
Дереккөз: prosports.kz/kz