Аса ауыр салмақтағы чемпион Усикті бейнетке салатынын айтады » Vesti.kz

0
Аса ауыр салмақта WBC Silver чемпионы британиялық Диллиан Уайт алғашқы ауыр салмақтағы абсолют чемпион украиналық Александр Усикті жекпе-жекке шақырды, — деп хабарлайды «Чемпионат».

«Усик ауыр салмақта жұдырықтаса алмайды. Бұл дивизионда оны жайпап өтетін ірі әрі мықты боксшылар. Онымен жұдырықтасатын болсам, Бельюдің істеген қайталамаспын. Мені бір соққымен жықпас үшін, үнемі қысымға алатын едім. 

Кеш бойы бейнет көрсетіп, оны қолайсыз жағдайда жұдырықтасуға мәжбүр етем. Бұл үлкен жекпе-жек. Егер қаласа, ұйымдастыра аламыз. Мен бұл ойында бармын! Сөздің адамымын, жекпе-жекке дайынмын! Егер Усик өзін топ боксшы деп есептесе, мен дайынмын!

Ол ауыр салмақтағы мықты боксшыны жеңгенін елестете алмаймын. Оның қозғалыстары жалқау біреуге қиын шығар. Алайда Усиктің қимылдарын шектеп тастап, жеңуге болады. Оны итеріп отыру қажет, қысымға алып, қаталдық таныту керек», — деп келтіреді Уайттың сөзін Boxing Scene.