Аршавинге әйелі арызданды
Қайрат клубының бұрынғы ойыншысы, жартылай қорғаушы Андрей Аршавинге Санкт-Петербургте полицияға арыз түсті, — деп хабаралайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.
Mash Telegram арнасының мәліметінше, Аршавиннің үстінен жары Алина арыз жазған. Оның сөзінше, бұрынғы футболшы белгісіз адамдармен оның Mercedes GL 350 көлігін тартып алған. Ол бұрын берген ақшасын қайтармаса, түрмеге қаматқызатынын айтып қорқытқан.
Еске салсақ, Аршавинның соңғы ойнаған клубы — «Қайрат». Ол 2016 жылдың наурызынан 2018 жылдың қарашасына дейін осы клубтың сапында өнер көрсетті. Онда 108 ойын өткізіп, 30 гол соғып, 37 өткір пас шығарған. Ресей құрамасының бұрынғы капитаны Қайрат сапында үш мәрте чемпионаттың күміс иегері атанған. Оған қоса, Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын жеңген.
Дереккөз: prosports.kz/kz