Аршавин «Қайратта» қанша жалақы алды?

Польшаның 2×45.info Қазақстанда футболшылардың қанша жалақы алатынын жазды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
— Қазақстанда үздік ойыншылар жылына 300-400 мың доллар жалақы алады. Тек Аршавин ғана ресми түрде 1,5 миллион, бейресми 2,5 миллион доллар алған, — деп жазады басылым.
Prosports.kz есептемесі бойынша, Премьер-лига клубтарын қамтамасыз ету үшін жыл сайын мемлекеттік бюджеттен 30 миллиард теңгеге дейін қаржы бөлінеді екен.
Айта кетейік, 3 жыл бойы «Қайратта» доп тепкен ресейлік тәжірибелі футболшы Андрей Аршавин өткен маусымның соңында мансабын аяқтаған болатын.