Аршавин Алматымен қоштасты

0

 

© fckairat.com

Андрей Аршавин «Қайрат» құрамында соңғы матчын өткізіп, Алматымен қоштасты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Осы үш жылда маған қолдау көрсеткендеріңіз үшін сіздерге алғыс айтқым келеді, маған зор құрмет көрсеттіңіздер. Өзімнің бір бөлшегімді осында тастап барамын, үш жылда сіздерді қуанттым деп үміттенемін. Көп рақмет», — деді Аршавин.

Қарағандылық «Шахтер» командасына қарсы матч «Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин үшін соңғы ойын болды. Ресейлік футболшы екінші таймда шығып, 40 минут ойнады. Ойын аяқталған сәтте құрмет белгісі ретінде Аршавинге шапан жабылды.

Vesti.kz порталының мәліметінше, «Қайрат» — «Шахтер» кездесуі 0:0 есебімен аяқталды. Бұл ойыннан кейін «Шахтер» 36 ұпаймен турнир кестесінде сегізінші орынға жайғасты және келесі маусымға тіркелімін сақтап қалды. «Қайрат» (62) күміс жүлдеге ие болды.