Арман Оспанов Конор МакГрегордың бұрынғы қарсыласымен жұдырықтасуы мүмкін

Қазақстандық файтер Арман Оспанов кезекті жекпе-жегінің қашан өтетінін мәлім еткен болатын, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Оспанов өзінің Instagram парақшасында хабарлаандай, оның кезекті жекпе-жегі Мәскеуде ACA 95 турнирі аясында, 27 сәуірде өтеді.
«Сұңқар» келесі жекпе-жегін атақты Конор МакГрегордың бұрынғы қарсыласына қарсы өткізуі мүмкін. Бразилиялық Диего Брандао жақында UFC-ден АСА компаниясымен келімшартқа отырған болатын.
Қазақстандық файтер соңғы рет октогонға 2017 жылдың желтоқсан айында өткізген болатын. Оспанов төрешілер шешіміміен Алексей Полпудниковтен жеңіліс тапты.
Дереккөз: prosports.kz/kz