«Ақтөбенің» ойындары уақытша бейтарап алаңда өтеді

0

«Ақтөбе» футбол клубының өз алаңындағы ойындары өтетін Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион Премьер лига ойындарын қабылдауға жарамсыз деп танылды, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтында жарияланды. 

Осыған байланысты, «Ақтөбе» футбол клубының алғашқы матчтары бейтарап аренада өтеді. Матчтардың өтетін орны клубпен келісе отырып белгіленеді.



Дереккөз: prosports.kz/kz