Аңызға айналған комментатор Головкин нені басымдыққа алу керегін айтты » Vesti.kz

0
HBO, ESPN, Fox және Showtime арналары үшін жұмыс істейтін америкалық комментатор Боб Шеридан Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) неге DAZN стриминг қызметімен келісімшартты таңдайтынын түсіндірді.

«Жақын арада Головкин DAZN-ды таңдайтынына сенімдімін. Бұл сөзсіз маңызды және тағдырын шешетін қадам, үлкен жекпе-жектер үшін осыны жасау керек. Мықты боксшылардың барлығы DAZN-ға кетіп қалды, бірақ, ең бастысы — «Канело» сонда. GGG үшін басымдық сонда. DAZN-да олардың үшінші жекпе-жегін ұйымдастыру тек уақыт еншісінде», — деп атап өтті Шеридан.

2012 жылдан бері Головкиннің телесеріктесі HBO болатын, телеарна бокс әлемінен кеткен соң, қазақстандық еркін агентке айналды. HBO келісімшарты бойынша соңғы жекпе-жек Сауль «Канело» Альвареспен (50-1-2, 34 КО) болды. Бұл кездесуде Головкин төрешілер шешімі бойынша жеңіліп, барлық белбеуінен айырылды.

Альварес үшін де бұл жекпе-жек HBO келісімшарты бойынша соңғы болды. Жақында мексикалық DAZN стриминг қызметімен 365 миллион долларға келісімшарт жасасты. Қазіргі таңда Головкинге DAZN, ESPN арнасы және атақты промоутер Эл Хэймонның Premier Boxing Champions (Fox/Showtime) жобасы келісімшарт ұсынып отыр.