Андрей Аршавин «Қайратта» жылаған сәтін еске түсірді
Ресейлік футболшы Андрей Аршавин «Foot’больные люди» блогына берген сұқбатында өз мансабында жылаған сәті жайында айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
— Соңғы жылдары футбол алаңында жылаған кезің болды ма?
— «Қайратта» ойнап жүргенімде жылаған шығармын. Былтыр кубокты жеңіп алған сәтте.
— Себебі бұл мансабыңдағы алғашқы кубогың ғой?
— Иә, оның үстіне, қызыма медаль алып келемін деп уәде бергенмін. Орындай алдым.
Дереккөз: prosports.kz/kz