Әміртаев жеңіліске ұшырап, Санаев келесі кезеңге өтті

0

Бүгін Болгарияның Русе қаласында күрес түрлерінен «Дан Колов-Никола Петров» халықаралық турнирі басталды. Алғашқы жарыс күнінде кілемде еркін күрес балуандары бақ сынауда деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

61 келіде Қазақстан атынан Нұрислам Санаев пен Қайрат Әміртаев сынға түскен болатын.

Санаев бірінші белдесуінде ресейлік Арыйян Тютринді 6:2 есебімен жеңіп, келесі айналымға өтті.

Өкінішке қарай, Қайрат Әміртаев түрік балуаны Реджеп Топалға 6:7 есебімен есе жіберді.

Бүгін сондай-ақ, 70, 79 және 92 келідегі балуандар да сынға түседі.



Дереккөз: prosports.kz/kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз