Америкалық журналистер қауымдастығы Головкин — Альварес қарымтасын «Жыл жекпе-жегіне» ұсынды » Vesti.kz

0
Бокс турлы жазатын Америкалық журналистер қауымдастығы (BWAA) 2018 жыл қорытындысы бойынша құрметке лайықты үміткерлердің қысқа тізімін жасады. 

Бұл тізімге қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес қарымтасы кіріп отыр.  

Тізімдегі келесі жекпе-жектер Альварес — Головкин қарымтасына бәсекелес болып тұр:
— 03.03.2018, Нью-Йорк, АҚШ: Деонтей Уайлдер — Луис Ортис (хэвивейтте WBC белбеуі үшін жекпе-жек),
— 07.04.2018, Лас-Вегас, АҚШ: Эрисланди Лара — Джарретт Херд (алғашқы орта салмақтағы IBF, IBO, WBA Super белбеулерін біріктіретін кездесу),
— 12.05.2018, Нью-Йорк, АҚШ: Хорхе Линарес — Василий Ломаченко (жеңіл салмақта WBA чемпиондығы үшін),
— 30.06.2018, Оклахома, АҚШ: Алекс Сауседо — Ленни Запавинья.

«Жыл боксшы» атағына бес адам үміткер:
— Алғашқы ауыр салмақтағы украин боксшы, абсолют чемпион Александр Усик (16-0, 12 КО),
— оның отандасы, P4P рейтингінің көшбасшысы, жеңіл салмақта WBC, WBA Super чемпионы Василий Ломаченко (12-1, 9 КО),
— алғашқы жартылай орта салмақта WBO чемпионы америкалық Морис Хукер (25-0-3, 17 КО),
— жеңіл салмақта WBC чемпионы америкалық Майки Гарсия (39-0, 30 КО),
— жартылай орта салмақта WBO чемпионы америкалық Теренс Кроуфорд (34-0, 25 КО).

Жыл бапкеріне Анатолий Ломаченко («Жыл бапкері 2017»), Джей Диз, Роберт Гарсия және Деррик Джеймс үміткер.

«Жыл менеджері» атағына 2016 және 2017 жылы осы сыйлықты иеленген Эгис Климас, Кит Коннолли, «Чепо» Рейносо мен Сэм Катковски ұсынылып отыр.

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/