Америкалық боксшы Головкиннен жеңілгеннен кейін WBC-ді сотқа бергелі отыр » Vesti.kz

0
Тегі армян америкалық Ванес Мартиросян (36-4-1, 21 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесіне (WBC) қарсы сотқа арыз беруді жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Мартиросян карьерасында алғашқы орта салмақта WBC Silver белбеуінің иегері болған, ал биыл осы ұйымның әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасуға мүмкіндік алып, 5 мамырда екінші раундта Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) соққысынан нокаутқа түскен. 

«WBC маған және менің боксыма зиян келтіріп келді. Олар менің рейтингіммен жылдар бойы ойнап келді. Әділдік орнатататын уақыт жетті. Бұлай етем деп ешқашан ойламадым, бірақ, WBC-ге қатысты заңды әрекет уақыты туды», – деп жазыпты Мартиросян твиттер желісінде. 

Ал келесі твитінде Мартиросян алдағы екі-алты аптада жаңа жекпе-жек туралы хабарлама алатынын мәлімдеді. 

Айта кетейік, Головкинмен жекпе-жек 32 жастағы Мартиросян үшін 2016 жылдың мамырынан бергі алғашқысы болды. Бұған дейін ол үш рет жеңілген, бірақ, нокаутпен емес. 5 мамарыда Головкин негізі Сауль «Канело» Альвареспен (50-1-2, 34 КО) қарымта өткізу керек болатын. Боксшылардың 2017 жылы өткен алғашқы жекпе-жек тең аяқталған еді. Алайда ақпанда мексикалық допинг дауына ілігіп, алты айға шеттелді де, оның орнын Мартиросян алмастырды. 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз