Америкада бір өзім жұдырықтасқанша, қазақтың он жігіті жекпе-жек өткізгені керек бізге
Боксшының өзінше, «QAZAQ PROMOTIONS» өткізетін бұл кеш Қазақстанда кәсіпқой боксты дамыту бастамасы.
«Астана арландарының» турнирі аяқталған соң, сол күні кеште Бахтияр Артаевпен бірлесіп кәсіпқой бокс кешін өткіземіз. Мұндағы мақсат — Қазақстанда кәсіпқой боксты дамыту. Қазақстанның туы көтеріліп ән ұран орындалады, бұл бүкіл елге құрмет қой. Америка елдерінде кәсіпқой бокс жақсы дамыған, ал бізде әуесқойда ел біріншілігіне екі жүздей бала қатысады. Оның қырықтайы құрамаға ілігеді, біреуі ғана Олимпиадаға барады. Ал қалғаны бос. Чемпионатқа қатыспағандары қаншама. Бізде әр облыста бес-алты мың бала боксқа барады ғой», — дейді боксшы.
Қанат Ислам бокстан кету туралы сұраққа жауап берді
Спортшы бір бокс кешімен шектеліп қалмайтындарын айтты.
«Келесі жылдан бастап үлкен жоспарларды қолға аламыз. Осыны тұрақты етуге тырысамыз. Мен бір өзім Америкада жұдырықтасқанымша, қазақтың он жігітіне жекпе-жек ұйымдастырғанымыз керек бізге. Сондықтан қолдан келгенінше қәсіпқой боксты дамытсақ деген мақсат бар», — деп түсіндірді Қанат Ислам.