Аман Қазанғапов Бішкектегі халықаралық турнирде топ жарды

0

Бішкекте бокстан Дүйшенқұл Шопоковты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталып, қазақстандық Аман Қазанғапов жеңімпаз атанды. 

75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол финалда шаршы алаң иесі Омурбек Бекжігітұлын 4:1 есебімен жеңді. 

Ілияс Сүлейменов пен Нұржан Бекзатов, сондай-ақ, қыздар арасында Назым Қызайбай мен Рано Пархатовалар күміс жүлдегерлер қатарында. 

Қырғызстандағы бокс турниріне сегіз елден 199 спортшы қатысты. 



Дереккөз: prosports.kz/kz