Алты нокауты бар аса ауыр салмақтағы қазақстандық кәсіпқой жұдырықтасатын күн аталды

0
97
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий (7-0, 6 КО) 29-шы қарашада рингке оралады. Спортшы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Беларуссияда жұдырытасатын қарсыласы белгілі екенін айтты.

Кособуцкий жұдырықтасатын кәсіпқой бокс кеші Минскте өтеді. 30 жастағы қазақстандықтың қарсыласы 28 жастағы аса ауыр салмақтағы жергілікті боксшы Александр Нихайчук (1-3).

— Көрмегенмін. Беларуссиядан екенін білемін, — дейді Кособуцкий.

— Жекпе-жек қанша раунд болады?
— Алты.

— Жекпе-жекке дайындық қайда және қалай өтті?
— Үйде, кейін Минскте. Бір апта.

Айта кетейік, Жан Кособуцкий карьерасын былтыр қыркүйекте бастаған. Осы уақытта өткізген жеті жекпе-жегінің алтауын нокаутпен жеңген. Оның бесеуін Беларуссияда, Украина мен Ресейде өткізді.

Ал оның қарсыласы Александр Нихайчук 2017 жылдан бастап кәсіпқой рингте жұдырықтасып келеді. Минскте жеңіспен бастаған ол Польша мен Латвияда жеңілді. Былтыр мамырда Нихайчукты 18 жастағы Миланс Волковс нокаутқа түсірген болатын.