«Алтай» Шымкентте «Қайраттың» жастарын жеңді

0

Шымкентте өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында Бірінші лигада бақ сынайтын «Алтай» мен «Қайрат-Жастар» командалары жолдастық матч өткізді, деп жазады prosports.kz.

Аталған кездесу шығыстық команданың айқын басымдылығымен аяқталды. Олар әр таймда екіден гол соқты. Ал алматылық команда бұған бар болғаны бір голмен ғана жауап бере алды.

«Алтай» — «Қайрат-Жастар» 4:1 (2:0)

Гол соққандар: Константин Бернацкий 22 (1:0), Дәурен Қайқыбасов 32 (2:0), Вячеслав Сердюков 63 (3:0), Сергей Дудкин 65 (4:0) — Дархан Меделхан 90 (4:1)



Дереккөз: prosports.kz/kz