Алматыда Чемпиондар Лигасының финалының жеребе тарту рәсімі өтеді

0

Алматыда, 1 ақпанда футзалдан чемпиондар Лигасының финалының жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде «Алматы Аренеда» «Спортинг» (Португалия), «Интер» (Испания), «Барселона» (Испания) және алматылық «Қайрат» (Қазақстан) сынға түседі.

1 ақпанда футзалдан чемпиондар Лигасының финалының жеребе тарту рәсімі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Қазақстан — Хорватия жолдастық кездесуі кезінде өтеді (басталуы — 20:00). Үзіліс кезінде УЕФА өкілдері мен финалды ұйымдастырушылар 1/2 финалына қатысушылар жұбын анықтайды.

«Интер» клубы қазіргі таңда УЕФА/Чемпиондар лигасын бес рет жеңіп алған титулды команда болып табылады. «Қайрат» УЕФА Кубогын екі рет ұтып алған, финалға сегіз рет жолдама алған. Лиссабондық «Спортинг» соңғы өткен УЕФА Кубогының екі дүркін финалисі болса, «Барселона» 2011/12 және 2013/14 маусымында еуропалық титулды жеңіп алған.

Чемпиондар лигасының 2018/19 маусымы финалына қатысушылар: 

 «Қайрат» (Қазақстан)

Қазаұстан чемпионы: 1995-96, 2003-04, 2004-05, 2005-06, 2006-07, 2007-08, 2008-09, 2009-10, 2010-11, 2011-12, 2012-13, 2013-14, 2014-15, 2015-16, 2016-17, 2017-18

Қазақстан Кубогының иегері: 1999, 2000, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017

Қазақстан суперкубогы иегері : 2012, 2013, 2014, 2017, 2018

УЕФА Кубогы иегері: 2012/13, 2014/2015

Әлем суперкубогының иегері: 2014

Еременко Кубогы иегері: 2014, 2016, 2017, 2018

«Интер» (Испания)

Испания чемпионаты : 1979-80, 1980-81, 1981-82, 1983-84, 1984-85, 1985-86, 1986-87,1987-88, 1988-89, 1989-90, 1990-91, 1995-96, 2001-02, 2002-03, 2003-04, 2004-05, 2007-08, 2013-14, 2014-15, 2015-16, 2016-17, 2017-18

Испания Кубогы: 1984, 1986, 1988, 1990, 1996, 2001, 2004, 2005, 2007, 2009, 2014, 2016, 2017

Испания Суперкубогы : 1990, 1991, 1996, 2001, 2002, 2003, 2005, 2007, 2008, 2011, 2015, 2017, 2018

УЕФА Кубогы: 2003/04, 2005/06, 2008/09, 2016/17, 2017/18

Кубок иегерлерінің Кубогы: 2007-08

Құрлықаралық Кубок: 2005, 2006, 2007, 2008, 2011

«Спортинг» (Португалия)

Португалия чемпионаты: 1990/91, 1992/93, 1993/94, 1994/95, 1998/99, 2000/01, 2003/04, 2005/06, 2009/10, 2010/11, 2012/13, 2013/14, 2015/16, 2016/17, 2017/18

Португалия Кубогы: 2005/06, 2007/08, 2010/11, 2012/13, 2015/16, 2017/18

Португалия лигасы Кубогы: 2015/16, 2016/17

Португалия Суперкубогы: 2001, 2004, 2008, 2010, 2013, 2014, 2017, 2018

«Барселона» (Испания)

УЕФА Кубогы: 2011/12, 2013/14

Испания Кубогы: 2010/11, 2011/12, 2012/13, 2013/14, 2017/18

Испания чемпионаты: 2010/11, 2011/12, 2012/13

Испания Суперкубогы: 2013 



prosports.kz