Алматы спортшылары триатлоннан Орталық Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті

0

Almaty Triathlon Federation құрамасының спортшылары триатлоннан Орталық Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті

2019 жылы 29 маусымда Шолпон-атада (Қырғызстан) триатлоннан Азия Кубогы мен Орталық Азия чемпионаты өтті. Турнирге Әзербайжан, Гонконг, Иран, Қазақстан, Катар, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Румыния, Сербия, Сирия, Тайвань, Украина, Өзбекстан, Жапония елдерінен 90-ден астам спортшы қатысты. Almaty Triathlon Federation атынан (бас жаттықтырушы – Максим Мазур): Ғазиза Құмақбаева, Дарья Бычкова, Антон Витолин, Егор Крупяков, Александр Тен сияқты атлеттер қатысты.

Алматылық атлеттер Орталық Азия чемпионатында түрлі дәрежедегі медальдарға ие болды.

Almaty Triathlon Federation құрамасының мүшесі Антон Витолин «ерлер Elitе» санатындағы 1:02:22 уақытта Нұр-сұлтандық Темірлан Теміровке бар болғаны 7 секундқа жол беріп, күміс медальді жеңіп алды. Үшінші орында Иран спортшысы Бехзад Нобари Поур (1:02:42).

Әйелдер арасындағы «Elite әйелдері» категориясында алматылық спортшылар Дарья Бычкова мен (1:13:48) мен Ғазиза Құмақбаеваға (1:15:07) тең түсетін адам болған жоқ.

Триатлоннан қазақстандық спортшы-Александр Тен тағы да Азиядағы ең үздік триатлоншы екенін растады. «Ерлер U-15» категориясында («Суперпринт» дистанциясы) бірінші болып 00:32:50 нәтижесімен алға шықты. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 22 маусымда Кенджу қаласында (Оңтүстік Корея) Александр Тен Азия чемпионы атанды. Екінші болып құрамадағы Егор Крупяков (00:34:05) келді. Қола жүлдені қырғыз триатлет Савелий Проскурников (00:34:53) алды.

2019 жылы 3-4 тамызда Алматыда Сайран көлінде Almaty ASTC Sprint Triathlon Asian Cup триатлоннан Азия Кубогы өтеді. Ұлттық ұйымдастырушылар-Қазақстан триатлон федерациясы және Almaty Triathlon Federation ҚБ. Жарысқа Азия, Еуропа, Австралия, Африка, Солтүстік Американың 29 елінен 150-ден астам спортшы қатысады. Сондай-ақ Almaty ASTC Sprint Triathlon Asian Cup аясында 150-ге жуық қазақстандық және әлемдік әуесқой триатлон (AGE) көшбасшылары өнер көрсетеді. Осы оқиғаға орай Алматы триатлон федерациясы іс-шараның ресми сайтын іске асырды: http://almatytriathlon.kz