Алғашқы медаль: Теміртас Жүсіпов бокстан әлем чемпионатында жеңіске жетті (видео)

0

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионаты ширек финалында қазақстандық Теміртас Жүсіпов кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды kznews ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы 48 келі салмақта Нодиржон Мирзахмедовпен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек барысында Теміртас алғашқы екі раундта қарсыласына көбірек соққы жұмсады. Нәтижесінде төрешілер оның жеңгенін мойындады.

Жалпы нәтиже бойынша бірауыздан қазақстандық боксшы басым түсті. Осылайша Теміртас жартылай финалға жолдама алды.

Айта кетсек, ел құрамасынан 1/4 финалға он боксшы шықты. Олардың қатарында Теміртас Жүсіповтен басқа Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) бүгін шаршы алаңға шығады.