Александр Бублик Франциядағы «Челленджердің» жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик «Челленджер» сериясындағы турнирдің жартылай финалына шықты.
Ширек финалда отандасымыз франциялық Максиме Жанвьеден 6:1, 7:5 есебімен басым түсті.
Жартылай финалда Бублик Баррера – Сафиуллин жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Дереккөз: prosports.kz/kz