«Айна алдында қанша жаттықтың?». Елеусінов жекпе-жек алды баспасөз мәслихатына қатысты

0
Монте-Карлода олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов те жұдырықтасатын бокс кешіне қатысушылардың баспасөз мәслихаты өтті, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық түрлі елде жұдырықтасу ұнайтынын атап өтті, ал оның промоутері, Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирн Даниярды ағылшынша жақсы сөйлегені үшін мақтады. 

– Маған осы жер ұнайды. Мұнда алғаш келуім және соңғы болмайтынына үміттенем. Түрлі елде жұдырықтасқан ұнайды, ауа-рай түрлі жерде болған, менталитеті бөлек түрлі халық алдында. Сенбіде мені көруге келіңіздер! – деді Елеусінов. 

– Ағылшыны қалай жақсарғанын білсеңіздер ғой! – деп атап өтті Хирн, жиналғандарды қазақстандыққа қол шапалақтауға шақырып. – Айнаның алдында қанша жаттықтың?

– Бір рет қана, – деп күлді Елеусінов.

Еске салайық, Данияр Елеусіновтің (4-0, 2 КО) келесі қарсыласы никарагуалық Маркос Мохико. (16-2-2, 12 КО). Кездесу қарашаның 24-нен 25-не қараған түні «Казино де Монте-Карлодағы» бокс кешінде болады. Бұл кеште басты оқиға алғашқы ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) пен америкалық Майк Уилсон (19-0, 8 КО) жекпе-жегі.

«Дәреже айырмашылығы үлкен». BoxingScene шолушысы Елеусіновке алдағы жекпе-жекте не істеу керегін айтты

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз