Айдос Ербосынұлы 3 титул үшін жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы 24 наурызда Алматыда жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Suleimen Promotions компаниясының мәлімдеуінше, Айдос титульды жекпе-жегінде намибиялық Лукас Ндафолумамен жұдырықтасады. Африкалық боксшы 16 рет жекпе-жек өткізіп, оның біреуінде жеңіске жеткен.
Жекпе-жекке WBA Intercontinental, WBC Asia және WBO Global белбеулері тігілген.
Дереккөз: prosports.kz/kz