Айдаров кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді

Қазақстандық боксшы Сапарбай Айдаров кәсіби мансабын жеңіспен бастады, деп хабарлайды inform.kz.
Оның кәсіби рингтегі алғашқы қарсыласы 24 жастағы үндістандық Харш Пурохит (0-1) болды. Айдаров жекпе-жекті төртінші раундта техникалық нокаутпен аяқтады. Мұның алдында қазақстандықтың қарсыласы нокдаунға түскен еді.
Айта кетейік, Айдаров 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы. Сондай-ақ, ол «Astana Arlans» клубының құрамында өнер көрсетті.