«Аяқпен соққы болмайды». Мейвезер ММА файтерімен жұдырықтасатынын мәлімдеді

Алайда жекпе-жек ресми емес, тек тамаша үшін болады.
«Үлкен баспасөз мәслихатын ұйымдастырамыз. Ресми жекпе-жек емес — тамаша үшін ғана. Бірақ бұл тарихтағы ең табысты жекпе-жек болады. Адамдар мені ақша үшін ғана жұдырықтасады дейді, бірақ, қараңыздаршы: Билл Гейтс, Опра Уинфри, Уоррен Баффетт олар өз ісімен қатар басқа да дүниелермен айналысады.
Регламентіне қатысты, бұл үш раундтық жекпе-жек. Кішігірім бокс жекпе-жегі, аяқпен ешқандай соққы болмайды. Тоғыз минутқа созылады және бұл тамаша үшін ұйымдастырылған тарихтағы ең қымбат жұдырықтасу болады. Менің промоутерлік компаниям және RIZIN промоушенімен ұйымдастырылады», — дейді Мейвезер.
Бастапқыда Мейвезер жапониялықпен аралас жекпе-жек ережесі бойынша жұдырықтасатыны айтылған еді, алайда, кейін бұл ақпарат жоққа шығарылды.