Адвокат Денис Тенді тапсырыспен өлтіргенін айтты » Vesti.kz

0
Қорғаушы тарап Денис Теннің тапсырыспен өлтірілгенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денис Теннің өлімі бойынша сот отырысы Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр.

Оксана Теннің адвокаты Нұрлан Үстеміров істі прокурорға жолдау туралы өтініш білдірді.
«Іс материалдарымен танысу барысында қарама-қайшылықтарға назар аудардық —  үйлеспейтін 14 қарама-қайшылық анықталды. Сондықтан біз осы істегі басқа да қатысушыларды, оларға көмектескендерді, өлімді кімнің ұйымдастырғанын анықтау үшін істі прокуратураға жолдау керек деп санаймыз. Сондай-ақ, істі бөлек өндіріске алуы үшін. Мұндағы мәселе — дәлелдерге назар аударылып жатқан жоқ», — деді адвокат.

Осы іс бойынша сот алдына Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаева келді.

Арман Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 2-тармағы («Ұрлық») бойынша, 192-баптың 2-бөлігі 1,4-тармақтары («Қарақшылық») бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары («Адам өлтiру») бойынша айыпталып жатыр. 

Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары («Ұрлық») бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары («Адам өлтiру») бойынша айыпталып жатыр.

Жанар Толыбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағы («Ұрлық») бойынша және 434-бап бойынша («Қылмыс туралы хабарламау») айыпталып жатыр.

Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/