2019 жылы мамырда «Канелоның» Головкиннің орнына кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

0
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя  WBC, WBA (Super) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареске (50-1-2, 34 КО) қарсылас тапты, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Порталдың мәліметінше, «Канело» 15 желтоқсанда АҚШ-тағы Madison Square Garden аренасында WBA тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы ұлыбританиялық Рокки Филдингпен (27-1, 15 КО) жұдырықтасады.

Осы жекпе-жекте «Канело» жеңіске жетсе, промоутер 4 мамырда мексикалықты осы салмақ категориясындағы IBF титулының иегері америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 KO) кездестіргісі келеді.

«Джейкобс біздің тізімде тұр, — деді Де Ла Хойя TMZ Sports басылымына берген сұхбатында. Дэниэл Джейкобс, Билли Джо Сондерс, ағайынды Чарло — олар барлығы мүмкіндіктерін қолданады. Ол проблема емес, себебі «Канело» үздіктермен жұдырықтасады. Мен «Канело» мен Джейкобстың кездесуін көруге қарсы емеспін. Дэнниді жақсы көремін».

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/