Шымкент өнімдері 9 елге экспортталуда

0

Республика бойынша өңірлердің экспорттық белсенділігі 9 статистикалық көрсеткіш бойынша бағаланады.

Экспорттаушы аймақтар қатарында рейтингтегі алғашқы бестікті Шымкент қаласы бастап тұр. Бір көрсеткіш бойынша абсолютті көшбасшы. Ол дайын өнімімізді тұтынушы елдер саны. Осыған дейін мегаполистің дайын өнімдері 6 мемлекетке шығарылған болса, қазір оның саны 9-ға өсті. Өткен жылы Грузия (трансформаторлар), Украина (трансформаторлар) және Беларусь (жиһаз және төсек-орын жабдықтары) сияқты елдерге алғаш рет жеткізіле бастады.

Тағы төрт көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы көшбасшылар үштігіне кіреді. Өткен жылы 23 жаңа дайын тауарлар (ҚР бойынша 3-ші орын) және 5 жаңа шикізат тауарлары (3-ші орын) экспортталды. Қаланың өңдеу өнеркәсібіндегі 54 кәсіпорын тұрақты экспортқа өнім шығарады. 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласының сыртқы сауда айналымы 1 млрд 905 млн. АҚШ доллар. Оның ішінде, экспорт – 573,5 млн. АҚШ долларын құрап тиісті кезеңмен салыстырғанда 17,3%-ға өсті.