ШЫМКЕНТ: Кувейттік қоры 80 үйге азық-түлік үлестірілді

0

Бүгін, қасиетті Рамазан айының алтыншы күні Қазақстандағы Кувейт елінің «Бүкіләлемдік Исламдық қайырымдылық қоры» мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Игі шара аясында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлысөз алып, жыл сайын тұрақты түрде қайырымдылық бағытта қызмет етіп жерген Қазақстандағы Кувейт елінің «Бүкіләлемдік Исламдық қайырымдылық қоры» басшылығына алғыс айтп, ризалығын білдірді.

Жалпы, қайырымдылық шарасы барысында көпбалалы, мұқтаж және мүмкіндігі шектеулі 80 отбасыға «Рамазан қоржыны» себетін үлестірді.

Үйлестіріп, жеткізіп беру жұмыстарын қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдірі ұйымдастырды.