Шымкент: Хабарландыру

0

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық жасады, мемлекетке опасыздық жасады, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария етті деген күдікпен бір топ адамды, оның ішінде шет мемлекеттің азаматын ұстады.

Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық), 176-бабы (тыңшылық) және 185-бабының 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу соты бір топ адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдағаны атап өтілді.

«Қылмыстық істер «құпия» санатына жатқызылады, соған байланысты тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды», — деп толықтырды ҰҚК баспасөз қызметі.