Мұрат Әйтенов Забадам мен Химфарм шағын аудан тұрғындарымен кездесті

0

Бүгін қала әкімі Әл-Фараби ауданына қарасты Забадам және Химфарм шағын аудан тұрғындарымен кездесті. Онда тұрғындар түйткілді мәселелерді қозғады.

Екі елдімекенде электр жарығы, ауыз сумен және табиғи газбен толық қамтылған болса, көшелерінің 95 пайызы асфальтталған. Бүгінгі мәселе кәріз жүйесіне қатысты мәселені ретке келтіру, көшелерді жарықтандыру және жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Мұрат Әйтенов әрбір мәселеге егжей-тегжейлі тоқталып, шағын ауданды орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу жұмыстары 2025 жылдары шешілетінін, ал, жарықтандыру бойынша әр жылда 3 көшеге бағаналар орнату жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Әрқашан диалогқа ашықпыз деген қала басшысы көтерілген мәселелердің орындалуы бойынша елдімекен белсенділерімен жүйелі жүмыс жүргізілетінін жеткізді.

Өтініштер бойынша аудан әкімі мен сала мамандарына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеп, орындалуы бойынша баяндауды тапсырды.