Мұрат Әйтенов спорт мектебінің құрылысымен танысты

0

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам тұрғын алабында орналасқан №12 спорт мектебінің қосымша ғимарат құрылысымен танысты.

Іргетасы 1984 жылы қаланған арнайы мектепте қазір 800-ден аса спортшы шынығады. Мұнда спорттың волейбол, бокс, еркін күрес, дзюдо күресі, үстел теннисі, баскетбол, таеквондо және пауэрлифтинг түрі дамытылуда.

Қосымша ғимараттың құрылыс-монтаж жұмысы 2020 жылы басталып, 2022 жылдың соңына қарай пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Құрылыстың жалпы ауданы 2557,10 шаршы метр. Спорт залы 210 балаға лайықталып, бокс, күрес залдары және баскетбол, болейбол және гандбол алаңшалары қаралған. Сонымен бірге, 18 адамға арналған асхана мен жуыну бөлмесі бар.

Нысанды аралап көрген М.Әйтенов нысанның сапасына көңіл бөлуді және өз уақытында пайдалануға беруді тапсырды.

–Болашақ жастар қолында. Олардың бос уақытын тиімді пайдалануы және спортпен шұғылдануына барлық жағдайды жасауымыз керек. Спортпен айналысқан жас шыныққан шымыр болып өседі. Сондықтан спорт барлық жасқа қолжетімді болуы тиіс,-деді қала әкімі.