Мұрат Әйтенов Қырғы базарға барды

0
44

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов орталық Қырғы базарға барып, ондағы саудагерлердің тыныс-тіршілігімен танысты. Азаматтармен сөйлесіп, мәселелерін тыңдады. Сонымен бірге, базар сыртындағы рұқсат етілмеген орындарда сауда жасаушы азаматтармен тілдесті. Бұдан алдын қала әкімі оларды қала әкімшілігінде қабылдап, ретсіз сауданың заң бойынша жауапкершілігін түсіндіріп бірнеше ұсыныстар айтқан болатын.

Базар сыртында шамамен 100-ге жуық адам жеміс-жидек, киім-кешек, ет, шұжық, нан өнімдері мен сүт-айран сатып, сауда жасауда. Тұрақты түрде сауда жасаушы 50-60 адам, қалғаны басқа аудандардан келіп үй өнімдерін сатып кетеді. Бұл заң және санитарлық талаптардың бұзылуына алып келуде. Ретсіз сауда орындарын реттеу мақсатында Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары мен жергілікті полиция өкілдері бірлесіп күнделікті рейдтік іс-шараларды жүзеге асырады. Осы жылдың басынан бүгінгі күнге дейін ҚР ӘҚБтК-нің 204 бабына сәйкес, 89 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде: 81 ескерту беріліп, 8 іске айыппұл салынған.

Жайма саудамен айналысушыларға қала әкімінің тапсырмасы бойынша базар ішінен әлеуметтік орын ұсынылды. Қала әкімі әрбір мәселенің тек Заң аясында шешілуін қадағалауда. Ретсіз саудамен күрес жұмыстары жалғаса бермек.