Мұрат Әйтенов орталықта орналасқан шағын аудан тұрғындарымен кездесті

0
60

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов А.Байтұрсынов көшесінде орналасқан Студенттер және Спорт, Кіші самал шағын аудан тұрғындарымен кездесті. Онда шағын ауданды дамыту, аулаларды абаттандыру мен меншік иелерінің бірлестігін құру және көпқабатты үйлерді жаңғырту мәселесі айтылды.

Қала әкімі жергілікті бюджет есебінен қайтарымды негізде мегаполисте 60 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргiзу, оның ішінде аталған шағын ауданда орналасқан 4 үйге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жоспарда бар.

Мұндай жұмыстар тұрғын үйді басқарудың жаңа түріне енген үй иелерінің өтініштері негізінде бюджет есебінен жасалады. Жұмыс аяқталған соң тұрғындар жөндеу жұмыстарына кеткен шығынды ай сайын, белгіленген мерзім ішінде, бөліп төлей отырып қайтарады.

Атап айтқанда, Байтұрсынов көшесіндегі №67, 67а үй мен «Спорт» шағынауданындағы № 23 үйлердің шатыры және Байтұрсынов көшесіндегі №94 үйдің қасбеті, шатыры, кіре беріс алаңы мен жертөлесіндегі инженерлік жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
«Спорт» шағын ауданында орналасқан 54 көпқабатты тұрғын үйдің барлығы жаңа басқару түріне өткен. Оның ішінде 10 үй мүлік иелерінің бірлестігіне тіркелсе, 44 көпқабатты тұрғын үйлер жай серіктестікке енген.

Мұрат Әйтенов жаңа үй бақсару түрінің пәтер иелері кооперативінен айырмашылығы — ашықтық, көпқабатты тұрғын үйді жақсарту, таза ұстау, жөндеу және тағы басқа жұмыстардың қалай орындалып жатқаны анық көруінде екенін айтты.

Бұдан бөлек, шағын аудандағы №9, Байтұрсынов көшесіндегі №88-90, және 92 көпқабатты тұрғын үй ауласына биыл балалар ойын алаңшасы орнатылса, №11,12,13,94 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларына спорт алаңшасы жаңадан орнатылады, ал, №75а, 23 тұрғын үйдің ауласындағы спорт алаңшаларына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Кездесу соңында қала басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген басқа да мәселелер бойынша аудан әкімі мен сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеп, орындалуын баяндауды міндеттеді.

16 мыңнан астам халқы бар Спорт шағын ауданы мен Кіші самал шағын аудан тұрғындары табиғи газбен, ауыз сумен, электр жарығымен, кәріз жүйесімен және көшелердің асфальт қабатымен 100 пайыз қамтылған. Ал, Спорт шағын ауданындағы ішкі орамдық жолдар толық жарықтандырылған болса, Кіші самалда 13 көшенің 9-ы жарықтандырылған.