Ғылыми көрме

0
71

Кез келген іс идеядан басталады. Идея әдетте мазмұнды әңгімеден, оқыған кітаптан, көрген кинодан, терең ойдан, тамаша табиғаттан, бастан өткерген қуаныштан немесе қиындықтан, асқақ арманнан туады.

Адам басына күнде көптеген идея келеді. Өкінішке қарай, идеяның көпшілігі іске аспай қалады.

Өткен жылы қыркүйекте “Қазан айының аспаны” (October sky) деген кино көріп, шабыт алып, пост жазғаным бар. https://www.facebook.com/100001379640702/posts/4513828865339724/?d=n

Жаздым да Білім және ғылым министрі Askhat Aimagambetovке хабарластым. Министр қолдай кетті. Келер жылы осындай көрмені Шымкентте өткізетін болып келістік. Кешеден бері Шымкентте Ғылыми жобалар конкурсы өтіп жатыр. Байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен 700-ден аса ғалым-оқушылар Шымқалаға келіп, өз жобаларын таныстырып жатыр.

Оқушылардың көбі Шымкентке бұрын соңды келмеген екен. Әсіресе, қары қалың өңірлерден келген оқушыларға ауа-райы +14-15 болып тұрған Шымент қаласы ұнап жатыр.

Оқушылардың өнертабыстары әртүрлі. Бір оқушы күннен қуат алатын құрылғыны арзан етіп жасауды ойлап тауыпты. Екі оқушы блокчейн технологиясын одан әрі дамытып, көптеген қолданбалы әдістер ұсынады. Айта берсең көп. Көру керек, оқушыларды тыңдау керек.

Мұндай көрме Америкада жыл сайын өнертапқыш оқушылар арасында өтеді. Оны “science fair” деп атайды. Бұл көрме АҚШ-та үлкен оқиға. Университеттер болашақ ғалымдарды осы көрмеден табады. Грнат ұсынады. Жоғарғы оқу орындары оқушыларға таласады.
Алдағы жылдары ғылыми жобалар конкурсы бізде де жұртшылық пен жоғарғы оқу орындары көз тігетін үлкен оқиғаға айналатынына сенімім мол.

Іс-шараны жоғарғы деңгейде өткізуге атсалысқан Ғылым және министрлігіне, қалалық Білім басқармасы мен Дарын орталығына, өңірлердегі басқармаларға, ата-аналар мен дарынды оқушыларға алғыс айтамын.

Шыңғыс Мұқан Facebook парақшасынан