Биыл 102 көше жарықтанады

0

Шымкентте көшелерді жарықтандыру жұмысы биыл да жалғасады. Бүгінде қаладағы орталық маңызы бар 747 көшенің 324-і жарықтанып, көрсеткіш 43,4 пайызды құрап отыр.

Бұдан бөлек, 1 026 көпқабатты тұрғын үй ауласы мен 9 саябақ, 38 гүлзар аумағына көше шамдары орнатылған.

Биыл көрсеткішті арттыру мақсатында мемлекеттік жекешелік әріптестік әріптестік аясында (ГЧП) 102 көшеге жарық диодты шамдар орнатылады. Қазіргі таңда, жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.

Биыл жарық шам орнатылатын көшелер: Абай ауданында 29 көше, Әл-Фараби ауданында 17, Еңбекші ауданы 29 және Қаратау ауданы 27 көше.

Жыл соңына дейін жарықтандырылған көшелер саны 426-ға жетіп, көрсеткіш 57 пайызды құрайды.

Жоспар бойынша қалада 2023 жылы жарықтандыру көрсеткішін 70%, ал, 2025 жылы 100% жеткізу көзделіп отыр.