Әл-Фарабиде 2024 жылға дейін 16 көше асфальттанады

0

Шымкент қаласында жол жөндеу қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы қалада жалпы ұзындығы 189,7 шақырым жол пайдалануға берілді. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуде баяндады.

Биыл 182 жобаның құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Соның ішінде 20 жобада қайта құру, 3 күрделі жөндеу және 159 көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі. Сонымен бірге, 122,7 шақырым жолға шағал тас төселіп, 178 жаңа аялдама орнатылады.

Ал, Әл-Фараби ауданы бойынша 2021 жылы ауқымды жоба жүзеге асты. Өткен жылдың қорытындысымен Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы айналма жол салынып, пайдалануға берілді.

2022 жылдың жоспарына сәйкес, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы айналма жолдың құрылысы атқарылуда.

Одан өзге, биыл аудандағы ішкі орамдық 3 көшеге асфальт төселеді. Олар: Ақжайық ш/а Ақжирен көшесі, Самал-2 ш/а Жабай ата көшесі жәнк Жандосов өткелі.

2023 жылы Айқап-Түркістан ш/а Беткей көшесі, Ақжайық ш/а Шағатай, Балтамыр, Тоқпан көшелері, Самал-1 ш/а Тайманов, Мейірбеков көшелерін асфальттауға Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жұмыс жоспарына енгізілді.

2024 жылы Ақжайық ш/а Сәйгүлік, Самғау, Майлыкент, Тайқоңыр көшелері және Самал-2 ш/а Ермекбаев, Шәкіров, Сейітов көшелеріне асфальт төселеді.

Жоғарыда аталған көшелерде асфальт төсеу жұмысы жүзеге асырылса, аудандағы сапалы жолдардың көрсеткіші 100%-ға жетеді.