Home Шоу-бизнес Жұлдызай Дүйсенбиева пандемия кезінде баласынан айырылып қалғанын айтты

Жұлдызай Дүйсенбиева пандемия кезінде баласынан айырылып қалғанын айтты

0
1645

Жұлдызай Дүйсенбиева пандемия кезінде әкесі мен сіңлісінің қатты ауырғанын, сол шақта жақындары үшін уайымдаймын деп баласынан айырылып қалғанын айтты. Бұл туралы Аман Тасығанның TalkLike жобасында айтылды.

«Өмірде неден қатты қорқасыз?» деген сауалға танымал актриса:

«Өзім өз болып, қызымды қатарына қоссам екен, соған қосуға маған күш-қуат бере гөр деп Алладан күнде сұраймын. Былтырдан бері қатты қорқамын. Былтыр мен үшін өте ауыр жыл болды.

Тура пандемия кезде, дәрі жоқ, адамның бәрі өліп жатқан кезде әкем мен туған сіңлім қатты ауырды. “Өзегім өртеніп” деген сөзді былтыр түсіндім. Осы жерім өртеніп, жоқ болып кеткен сияқты.

Бір жағында әкем, бір жағымда сіңлім. Скорый шақырып, беріп жіберсем, өліп қалар ма екен, үйде емдесем, өліп қалар ма екен деп қорықтым. Дәрігерлердің вирустан қорқып, үйге келмейтін кезі. Айналамның бәрі, таныстарым дәрігерлер, телефонын алмай қойған адамдар болды», – деп қорқынышпен еске алады актриса.


Кенжебек Жанәбілов 11 жылдан кейін балалы болуының сырын ашты


Сол шақта жақындарынан айырылып қалудан қорыққан Жұлдызай ас ішуден қалған. Қатты күйзеліске түсіп, ішіндегі баласынан айырылып қалғанын өзі де білмепті.

«Үш күн тамақ ішкен жоқпын. Сол кезде аяғым ауыр болғанын өзім де білмедім. Уайыммен ол бала өліп кетті. Сондықтан былтырғы жыл мен үшін қатты ауыр болды», – дейді актриса.

Бір қуаныштысы, Жұлдызайдың әкесі де, сіңлісі де індетті «жеңіп» шыққан. Коронавирусқа тапсырған тест екеуінде де теріс нәтиже көрсеткен.

«Сол кезде ғана көңілім орнына түсіп, түнгі 3:30-да тұрып, сорпа іштім», – дейді Дүйсенбиева.