Жұлдыз Өмірғалидің күйеуі туыстарына ұнамай жүр
Жұлдыз Өмірғали таяуда «Бақытсыздар бағы» атты телехикаясына түсіп, басты рөлдердің бірін сомдады. Ендігі актриса атанған Жұлдыз бақытсыз әйелдің рөлін шынайы сомдағаны соншалық, жақындары оның фильмдегі тағдырын өмірімен байланыстыра бастаған ұқсайды. Бүгінде ақ босаға аттап, келін атанған Жұлдыздың ата-анасына күйеу бала ұнамай жүргендей.
Жұлдыздың туыстарының көңіліне кірбің түсірген жан – оның фильмдегі жұбайы.
“Әрине туысқандарым көріп жатыр. Олар мен үшін уайымдап жүр. Не үшін көп жылайды екен деп. Ағаларым, «ана сенің күйеуіңмен кездесу керек, сөйлесу керек» деп қалжыңдайды. Әрине, олар біледі ғой кинодағы рөлім екенін”, – дейді Жұлдыз.
Телехикаядағы Жұлдыздың жары актрисаның туыстарына ғана емес, көрермендерге де ұнамауда. Желіде Өмірғалиға “Салтанат неге күйеуінен кетіп қалмайды” деген сұрақ жиі жолданады екен. Жұлдыз жауап берсін.
“Кейіпкерім өз күйеуін өте қатты жақсы көреді. Және де оның ата-анасы қарсы. Кеткеннің өзінде ата-анасы қайтарады қызын күйеуінің жанына. Себебі, бұл жат қылық”, – дейді Жұлдыз.
Киноға бет бұрған Жұлдызға қазір оңай тиіп жүрген жоқ. Жас өнер иесі бақытсыз кейіпкерін сомдау үшін күніне бірнеше рет жылауға мәжбүр екен.
“Кейбір сценалар менің өмірімде болмаған ғой. Кейбіреулері болған. Болғаны жеңілірек болады да, мен оны өзімнің өміріммен байланыстырып, сол сценада жылауға тура келеді. Ал, кейбір егер ондай болмаса, мен онда бұрында басымнан өткен оқиғаларды еске алып, жылаймын”, – дейді Жұлдыз Өмірғали.
Источник: Stan.kz