Жұлдыз Өмірғали алғаш рет Айқыннан туған ұлы жайлы айтты

0
1449

Жұлдыз Өмірғали КешYou-ден кеткен соң екі жылдай жұрт көзінен тасада болды. Жас әнші Айқынмен көңіл қосып, одан тапқан ұлы 1 жасқа келгенше жеке өмірін жасырып келді. Бүгінде Өмірғали ұлы Санжардың суреттерін ешкімнен қорықпай жариялай алады.

“Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында Жұлдыз алғаш рет ұлы жайлы айтты, деп жазады Stan.kz.

“Кішкентай баламның есімі – Санжар. Енді ғана тәй-тәйлап жатыр. 1 жас 1 айға толды. Көз тиеді деген нәрсеге онша сенбеймін. “Түйреуіш тағып қой, қара күйе жағып қой” деп жатады. Мен қабылдамаймын. Сондықтан балам ауырған жоқ, ауырмай-ақ қойсын да”, – дейді Жұлдыз.

Өмірғали бүгінде ұлына көп көңіл бөле алмай жүр. Себебі шығармашылығына қайта кіріскен.

“Қазіргі таңда барлық уақытым түсірілім алаңында өтіп жатыр. Қиын, әрине. Жеңіл деп ойлаған едім. Кішкентай кезіміздегі суреттерімізді салыстырсақ, мүлдем басқамын. Көзінің қарашығы әкесінікі. Санжар деген есімді әкесі таңдады”, – дейді Жұлдыз.

Өмірғали КешYou-ден кеткен соң ұстазының жолын қуып, продюсерлікпен айналыспақшы болған.
“Мен әнші қыздарды жинап, трио жасаймын деп ойладым. Кішігірім іріктеу өткіздім, бірақ қыздар таппадым. Мен қалаған қыздар болмады. Бойына, түр-әлпетіне, дауыс жағынан лайықты қыз табылмады”, – дейді Жұлдыз.

Бүгінде Өмірғали жанына биші қыздарды жинап, шоу-баллетке жетекшілік етіп жүр.

Источник: Stan.kz