Жұлдыз Өмірғали Айқынның өзіне қандай талаптар қойғанын айтты

0

Айқын Төлепбергенге тұрмысқа шығып, балалы болған Жұлдыз Өмірғали әлі күнге оқырмандарының сыны мен ауыр сөздерінен көз ашпай келеді. Жұрттың алдында шаңырақ көтергенін мәлім еткен Жұлдыз «Түнгі студия» бағдарламасында өзіне Айқынның қандай талаптар қойғанын айтты.

Айқын екінші жарына киім таңдауда жиі пікір білдіріп, қай киімді кию керектігіне кеңес береді екен.

«Айқын кез келген киімді кигізбейді. «Басқасын ки» дейді. Қысқа киімдерді де кигізбейді», — деді Жұлдыз Өмірғали.

Сондай-ақ жас ана өзін көпшіліктің өзі жайлы қате ойлайтынын да жасырмады.

«Мені алғаш көрген адамдар қатал, жағымсыз деп ойлайды. Тіпті «стерва» деп атайтындары да бар. Желіде жазатындары да бар. Бірақ мені өмірде көріп, сөйлескеннен кейін пікірін өзгертеді», — деп ағынан жарылды Айқынның жары.

Айта кетейік, осыған дейін Айқын «Кешьюдің» бұрынғы әншісіне үйлегенін мойындаған еді.

Бірінші әйелін жер-көкке сыйғызбай мақтаған әнші тіпті, Әселдің қайтадан тұрмысқа шығуға қарсы екенін де мәлімдеген.

Арада біраз уақыт өткенде Айқын өзінің екі әйелінен туған балаларын көпшілікке көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, Айқын мен Жұлдыз Өмірғалидің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.