Жұбаныш Жексенұлының екі әйелімен бірге тұратыны рас па? (видео)
Өткен жылы әлеуметтік желідегі парақшасына белгісіз қызбен құшақтасқан суретін жүктеп, артынша өшіріп үлгерген Жұбаныш Жексенұлы екі әйелімен бірге тұратынын мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің видеосы by_production парақшасында жарияланған.
Видеодан әншінің «Бірінші әйеліммен де, екінші әйеліммен де тұрам», — дегенін аңғаруға болады.
Естеріңізге сала кетейік, Жұбаныш Жексенұлы көпшілікке «Нурикамал», «Ауылым» әндерімен кеңінен танылған.
Әнші 2018 жылдың жазында желіге белгісіз бойжеткенмен құшақтасқан сурет салды. Сондай-ақ өзін сұрақтың астына алған оқырмандарына жұбайы Динамен ажырасып кеткенін мәлім етті.
Өткен жылы отандық әншінің Әбілқайыр есімді ұлы итальян қызымен шаңырақ көтерді.