Жазира Байырбекова ұлына келін іздеуге кірісті

0
24
фото stan.kz сайтынан алынды

Мыңдаған қазақстандық аруды ұзатқан Жазира Байырбекова өзі де ене атанар сәтті тағатсыздана күтіп жүр. Әншінің 25 жасқа келген ұлы отбасын құруға асығар емес. Өмір жолында болашақ жар атануға лайықты қыз кездеспесе керек, келін іздеуге Байырбекованың өзі кірісті, деп хабарлайды Kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әншінің айтуынша, оған «адал, мәдениетті, сұлу келін» керек.

«Қазбек інісі Нұрдаулеттен 3-ақ ай үлкен. Екеуі Аралда бір үйде туылған. Екі бесікте жататын. Бір-бірінің жөргегін киіп өсті.

Қазір де Нұрекең екеуі Алматыда бірге. Қайнағамның баласы ғой.
Бұл жігіттерге қыз іздеуге шын кірістім өзім. Аллам адал, мәдениетті, сұлу қыздарды бұйыртса екен.