Жарымен дуэт айтқан Альбина Шардарова жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

0

Шоу-бизнес әлеміндегі танымал серілермен дуэт құрып танылған Альбина Шардарова алғаш рет өз жұбайымен бірге ән айтты. Бауыржан мен Альбинаның жұптасып ән айтуы көпшіліктің көңілінен шықты.

 

“Екеумiздiң алғашқы дуэтiмiз. Негiзi ән айтпаймын дегенмiн, бiрақ айтуға тура келдi.

Үлкен сахнага шығып алғаш рет ән айттым. Қатты сынамаңыздар. Бiр айтарым – маған қатты ұнады”, – деп бөлісті Сатов желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары жұлдызды жұптың жаңа бастамасын қоштап, дуэттің сәтті шыққанын атап өтті.

“Қандай жақсы ән, әдемі орындау. Бақытты болыңдар”, “Керемет шыққан”, “Супер”, – деп тәнті болды олар.
Естеріңізде болса, Альбина бұған дейін Бауыржаннан қарағанда, әнші жігіттермен дуэт айтқан қолайлы екенін айтқан болатын.

 

Источник: Stan.kz