Жартылай жалаңаш денесін көрсеткен «Ананди» желіні жарды (фото)
Әйгілі үндістандық «Келін» телесериалында басты кейіпкер — Анандидің рөлін ойнаған актриса Авика Гор Instagram парақшасына жартылай жалаңаш суретін жүктеді. Үндінің ұлттық киімін тастамай киіп жүретін актрисаның бұл әрекеті желіде қызу талқыға түскен деп жазады NUR.KZ.
1997 жылы дүниеге келген актриса сериалға 2011 жылдан бастап түсе бастаған.
Сондай-ақ, ол 15 жасында екі баланың анасы болып үлгерген.
Авика Гор тек сериалда ғана емес, өмірде де күйеуінің туыстарынан қорлық көргенін жасырған емес.
Алайда 21 жастағы актрисаның санын жалаңаштаған суретіне оқырмандарының бірде-біреуі теріс пікір білдірмеген.
«Өте әдемі», «Сұлусыз», «Сізге ғашықпын», «Стиліңіз өте жарасымды», «Жылдан-жылға сұлуланып келесіз», — деп жарыса жазды желідегі жазылушылары.